Инсульт кезіндегі емдік дене шыны?тыру

Инсульт – ми қан айналымының жедел бұзылысы. Инсульттің түріне байланысты емдеудің қандай зерттеу әдістерін қолданады және оның қайта қалпына келуіне не кіреді?

Инсультты емдеу

Инсульт – бұл дайын сызба арқылы емдеуге болмайтын, ми қан айналымының жедел бұзылысы болып табылады. Бұзылыстың екі түрі болады – геморрагиялық және ишемиялық инсульт. «Инсультты қалай емдейміз» деген сұрақтың жауабын тек невролог, нейрохирург мамандардан алуға болады. Емдеу тактикасы толығымен оның түріне, денсаулық жағдайына, бұзылысты шақыратын себептерге және патологияның салдарларына тәуелді болады. Емдеудің негізгі әдістері – медикаментозды және хирургиялық, дегенмен жедел жағдайды тоқтату мен көрсеткіштерді қалпына келтіру– жүйке жүйесінің қызметін максималды қалпына келтірудің жалғыз жолы емес. Келесі қалпына келтіру түрі инсульттің  салдарларын емдеуге жатады.  Оларды толығымен жоюға болады, бірақ бұл ми құрылымының зақымдалу деңгейіне байланысты болады.

Бұл мақалада аурудың екі түрінің де ағымдық ерекшеліктері, сонымен бірге емдеу әдістерінің әрқайсысы және қалпына келу жағдайлары қарастырылады.

Инсультті емдеудің негізгі бағыттары

Дәрігер бас миындағы қан айналым бұзылысының сипатына байланысты, арнайы емдеу әдісін, сонымен бірге  қосымша жалпы терапиялық және профилактикалық шараларды таңдайды.

Профилактикалық – бұл  инсульттің мүмкін болатын асқынуларының алдын алу үшін қолданылатын процедуралар мен медикаментозды емдеу әдісі. Алғашқы кезекте бұл –тыныс алудың, зәр шығарудың, қан айналымының (соның ішінде перифериялық) маңызды қызметтерін реттеу және күнделікті күтім. Ол емдеудің оңалту кезіндегі соңғы рөлді атқарады, яғни науқас, кейбір зардаптарға байланысты, төсектегі қалпын сақтайды.

 Ишемиялық инсультты емдеудің арнайы әдістері

Ишемиялық инсульттегі негізгі тапсырмалар – қалыпты қан айналымын қалпына келтіру және ми тінін зақымданудан қорғау. Оларды бірнеше топ медикаментозды өнімдермен жасауға болады.:

Тромболитиктер. Түзілген тромтарды ерітіп, қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді және бас миындағы нейрондардың зақымдалуының алдын алады, зақымдану аймағының өлшемін азайтады. Бұл топ препараттарын дәрігермен бірге мұқият қолданады, яғни оның асқынуы гемморагиялық инсульт болуы мүмкін – тіннің зақымдалған аймағындағы ми қан айналымының екіншілік жедел бұзылысы болып табылады. Осы себептен де дәрігер тромболитиктерді тек кейбір науқастарға ғана және біріншілік қан айналым бұзылысының бастапқы сатыларында тағайындайды.

Түзілген тромбтардың дамуының және жаңа тромбтардың түзілуінің алдын  алу үшін, жиі антикоагулянттар қолданылады. Олар тромбоциттердің мөлшерін төмендетеді, және қанның тұтқырлығының көрсеткіші болып табылады. Бұл- науқас асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан зардап шегетін жағдайларда ішкі қан кетумен қауіпті болуы мүмкін, сондықтан да осындай жағдайларда антикоагулянттарды аса мұқият тағайындайды.

Антиагреганттар – қан элементтерінің өзгеруіне ықпал ететін, кең тараған топ препараттары. Олар тромбоциттердің агрегациясын төмендетуге қабілетті – олардың «жабысуын» және тромбтардың қалыптасуын тоқтатады. Емдік өнімдердің бұл санаты келесідей себептерден шақырылған инсультті емдеу үшін стандартты болып табылады:

атеросклероз;

тромб түзілуіне бейімділікпен жүретін қан аурулары.

Бұдан бөлек, антиагреганттар – қайталамалы инсульттің дамуының алдын алуға қабілетті профилактикалық препараттар.

Барлық айтылған емдік өнімдер ми қан айналымын жақсартады және қалпына келтіреді. Емдеу курсы жеке–дара болады – маман әрбір нақты жағдайда препараттардың дозасын және байланысын оның бастапқы жағдайына, көрсетіліміне, қарсы көрсетіліміне, бұзылыстың ауырлық деңгейіне байланысты есептейді. 

Инсульт жүйке жасушаларының өлуіне алып келеді, яғни ол қоректік заттар мен оттегін ала алмағандықтан болады. Патологиялық биохимиялық реакцияларды тоқтату үшін, нейропротекторлар қолданылуы мүмкін. Олар ми тінінің зақымдалу ошағын азайтуға мүмкіндік береді. Соған қоса нейропротекторлар тапсырманы орындауға қабілетсіз сақталған жасушаларды белсенді етуге көмектеседі.

Ишемиялық инсультты емдеудің хирургиялық әдісі – каротидті эндартерэктомия, — тек белгілі көрсеткіштерде ғана қолданылады – ұйқы артериясының кенеттен болатын стенозы (тарылуы)  немесе атеросклероздық бляшкалармен бітеліп қалуы. Күрделі хирургиялық әрекетке қарамастан, бұл әдісті біріншілік инсульттың алдын алуда және ми қан айналымының қайталамалы бұзылысының дамуында профилактика ретінде қолданады.

Геморрагиялық инсультті емдеудің арнайы әдістері

Геморрагиялық инсульттегі басты мәселе – қан кетуді тоқтату және артериалды қан қысымын тұрақты бақылау.

Қысым көрсеткішінің төмендеуі – басты мәселе тамырлардың қабырғасындағы қан қысымын төмендету болып табылады. Бұл қан кетуді тезірек тоқтатуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта гипотензивті препараттар тобы қолданылады. Науқас оларды ішке қабылдайды немесе көк тамырға енгізеді – бұл  оның жалпы жағдайы мен көрсеткіштеріне байланысты болады.

Хирургиялық ота жасау тамырдың бүтіндігін қалпына келтіреді, дегенмен бұл әрдайым мүмкін бола бермейді.

Қан кету медикаментозды тоқтатылуы мүмкін және осындай жағдайда ота жасау міндетті емес. Соған қоса, ота жасағаннан әсер болмайтын жағдайлар болады –  ми тінінің терең қабатына қан құйылу, яғни асқыну қаупінің жоғары болуына байланысты отаның көмегімен өзгерте алмайды.

Айналасындағы тіндерді ығыстыратын үлкен гематомаларды жою үшін  нейрохирургиялық ота жасалынады. Ол екі тәсілмен орындалады:

Ашық тәсіл. Жабық тәсіл.

Науқастың бас сүйегін ашу (трепанация) және гематоманы алып тастау. Канюланы кіші тесік арқылы қан құйылу орталығына енгізіп, сол арқылы қанды алып тастайды. 

Аневризманың жарылуынан (тамырлардың және артериялардың қабырғаларының томпаю) болатын қан құйылу жағдайларында, оны жалпы қан ағымынан алып тастап –металдан жасалған қыспамен «жабады». Бұл аневризманы қыспамен жабу деп аталады.

Егер аневризма бас миының беткейінде болса, оның жарылуынан субарахноидальды қан құйылу болады – қан мидың айналасындағы кеңістікке жайылады. Сау тамырлар тарылып, ишемиялық жағдайларға әкелуі мүмкін. Осындай асқынулардың алдын алу үшін, дәрігер арнайы препараттарды тамыр ішіне енгізеді. 

Қан құйылу ми қарыншаларына әсер еткен жағдайларда, бас сүйегінен сұйықтық келетін тесіктің тығындалып қалуы мүмкін. Бұл қарыншалардың кеңеюі мен тіндердің қысылуына — обструктивті гидроцефалияның дамуына алып келеді. Осындай жағдайларда шұғыл ота жасау керек – яғни, сұйықтықтың келуін қамтамасыз ету үшін, қарыншаларға дренаж қою керек. Бұндай шара медикаментозды емдеу көрсетілімімен жүреді. Егер  гидроцефалия гематомамен келетін жолдардың қысылуымен шақырылған болса, дәрігер оны алып тастайды және тек содан кейін ғана дренажды орнатады.

Ишемиялық және геморрагиялық инсульттың ең қауіпті асқынуларының бірі – мидың ісінуі. Бұл – сұйықтықтың тіндерде шектен тыс жиналуы нәтижесінде көлемінің ұлғаюы болады. Ісіну ми құрылымының өзгерісіне және олардың қысылуына, сонымен қатар өлімге әкелуі мүмкін.

Бұл жағдайда асқынуды болдырмаудың негізгі тактикасы – осмостық диуретиктерді енгізу болып табылады. Олар қанда жоғарғы осмостық қысымды құруға бағытталған және артық сұйықтықтың қанға шығуына ықпал етеді. Науқас өкпенің жасанды желденіс жағдайында болған кезде, дәрігер бас сүйек ішілік қан қысымын түсіру үшін, желденіс режимін өзі таңдайды. 

Инсульттың түріне тәуелсіз, негізгі емдеу сызбасынан бөлек, симптомдық емдеу қажет етілуі мүмкін. Науқастың денсаулық жағдайына және айқындалған белгілерге байланысты, дәрігер тағайындауы мүмкін:

седативті препараттар – айқын қозудың белгілері болған жағдайда

ұстамаға қарсы препараттар – ұстама көрініс тапқан жағдайда немесе олардың даму қаупі болған жағдайда (мысалы, анамнезінде эпилепсия болғанда);

ауырсынуды басу және т.б.

Кейбір жағдайларда инсульт алған науқастың өмірінде маңызды қызметті немесе адамның жалпы жағдайын жақсарту үшін, басқа да емдік шаралар қажет болуы мүмкін.

Инсультті және оның асқынуларын емдеудің жалпы әдістері

Инсульт кезінде алғашқы көмек көрсеткеннен кейінгі бірінші кезектегі мәселе – мүмкін болатын асқынулардың алдын алу немесе олардың уақытылы реттелуі.

Асқыну Реттелу/ алдын алу

Өкпе қабынуы Тыныс алу гимнастикасы, егер науқастың есі анық болса. Бөлмедегі ауаны күнделікті тазарту.

Ұзақ уақыт төсекте жатудан болатын ойылулар  Төсектегі науқасты  аударыстыру. Дәрігердің рұқсатымен отырғызу. Күнделікті арнайы құралдардың көмегімен өңдеу, бір реттік гигиеналық құралдарды пайдалану.

Су балансының бұзылуы Жұтына алау жағдайында зонд орнату.

Аяқ веналарының тромбозы Аяққа арналған гимнастикаларды жасау, буындарды бүгу-жазу және науқасқа күтім жасаушының көмегімен – белсенді емес гимнастика –Дәрігердің келісімімен өкшеден санға дейін массаж жасау. Тромбоз болған жағдайларда – аяқ-қолды эластикалық бинтпен таңу.

Стоматит Күнделікті тісті тазалау және ас қабылдағаннан кейін ауыз қуысын шайқау. Арнайы ерітіндіге батырылған мақта шаригімен ауыз қуысын сүрту.

Инсульт алған қозғалыссыз науқастың күтімі – уақытылы жуу, ішектің және қуықтың босау процессі кезінде жайманың тазалығын қамтамасыз ету үшін арнайы ыдысты қолдану сияқты гигиеналық талаптардың орындалуы қажет.

Көптеген жағдайларда бірнеше уақыттан кейін, кейбір қызметтері жартылай қалпына келеді, Науқасқа өз бетімен қозғалуға  және қатаң төсек режимін сақтамауға рұқсат беріледі. Дегенмен, осымен қалпына келуі аяқталмайды.

Қалпына келу кезеңі, инсультті емдеудегі терапиялық және хирургиялық шаралардан маңыздылығы жағынан кем емес.

Оның басты мақсаты – неврологиялық белгілерді тұрақтандыру және оның біртіндеп болатын регресі. Бұл бас миы жасушаларының өзіндік «қайта даярлау көмегімен» қол жеткізілінеді – яғни, сақталған тін аймақтары, қан айналымының бұзылысы нәтижесінде зардап шеккен бөлімдердің қызметін өзі атқарады.

Ол үшін емдік препараттардың бірнеше тобы қолданылады:

вазоактивті өнімдер – қанмен қамтамасыз етуді жақсартатын препараттар;

аминқышқылдары;

ноотропты препараттар.

Бұдан бөлек, оңалту электростимуляция массаж сеансын және емдік жаттығуларды орындаумен құралады. Олар сіресулердің, тромбоздардың және басқа да болуы мүмкін зардаптардың даму мүмкіндігін азайтады, қозғалыс қызметін қалпына келтіреді.

Инсульт алғаннан кейінгі оңалту ерте мерзімде басталады – яғни, қозғалыс режимінің кеңеюі мен интенсивті қызметінің аяқталу барысында. Дәрігер шешімді науқастың жалпы жағдайына байланысты қабылдайды. Оның ұзақтығы жек анықталады – яғни, бірнеше айдан бірнеше жылға дейін болады.

Кеңінен қолданылатын қосымша емдеу әдістеріне балшықпен емдеу, физиотерапия, рефлексотерапия жатады. Бұл шаралардың арнайы шипажай- мекемелерде жүргізілгені абзал.

Психоэмоционалды жағдайын реттеу – оңалту кезеңінің маңызды бөлімі болып табылады. Қауіп тобында мүгедектікке шалдығып, маңызды қызметтеріннен айырылған және өзіне күтім жасап, жұмыс атқара алмайтын, белсенді өмір сүруге қабілетсіз науқастар болады. Осындай жағдайда инсульт алған адамның жақын туыстары маңызды рөл атқарады  – қажетті көмек пен қолдау көрсетіп, бейәлеуметтендіру мен оңалтуды тездетеді. Бұдан бөлек, психологиялық жағдай, физиологиялық және когнитивтік (ойлау, танымдық) процесстерін жылдамырақ қалпына келуіне ықпал етеді. Суицидті ойлаумен жүретін айқын депрессия медикаментозды қосымша реттеуді қажет етеді – психиатр, психотерапевт мамандардың тағайындауымен антидепрессанттарды қабылдау керек. Психотерапевттік әдістер, тренингтерге және кеңес беру сабақтарына бару, психотерапевтпен жеке және топтық жұмыс – психоэмоционалды жағдайды қалпына келтірудің негізі болып табылады.

Источник

Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр. Сондай-ақ, инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие. Инсульт алған адамдардың 80% жуығы мүгедектікке ұшыраса, соның ішінде 25% жуығы қалған өмірінің барлығында тұрақты түрде күтімді қажет етеді.

Инсульт түрлері
Инсульттің негізгі үш түрі бар – ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт (қан құйылу), оның екі типі бар – миішілік және субарахноидалды. Қан құйылу тамырлардың жарылуы салдарынан болады, негізінде жиі қан қысымының жоғарылауынан болады. Тамырдан шыққан қан қуыс тәрізді қан гематомасын немесе ісік жасап, бас миы тінінің қабырғасын жылжытады.

1. Ишемиялық инсульт. Инсульттің бұл түрі ми инфаркты деп те аталады. Бұл ауру көбіне 50-60 жастан жоғары адамдарда пайда болады. Ишемиялық инсульт инсульттің басқа түрлеріне қарағанда жиі кездеседі әрі оқиғалардың 80% болады. Ишемиялық инсульттің себептері ми жасушаларына оттегін жеткізуге жауап беретін артериялар бойынша қан жүруінің бұзылуымен байланысты ми қабырғалары тарылады немесе бітеліп қалады.
2. Миішілік қан құйылу. Инсульттің бұл түрі кейіндеу пайда болған, шамамен орташа жас мөлшері 45-55 жас және мидағы қан ағысы бұзылуының барлық түрлерінің 10% жуығын құрайды. Қан құйылудың пайда болуының негізгі себебі гипертониялық ауру болып табылады. Осы патологияға әкеп соғатын басқа аурулар – атеросклероз, жүрек-қан тамыры жүйесіне әсер ететін қабыну процестері болып табылады.

3. Субарахноидалды қан құйылу. Ми қабығы тамырларының жарылуы нәтижесінде пайда болатын бас миы мен оның қабығы арасында пайда болған гематомалар. Бұл 30-60 жастағы адамдарда пайда болатын инсульттардың ішіндегі ең жасы боп саналады. Ауру себептері негізінен зиянды әдеттер (темекі тарту, ішімдікті ұзақ пайдалану немесе ішімдікті үлкен мөлшерде бір-ақ рет қолдану). Инсультқа себепкер артық салмақ, артериялық гипертензия болуы мүмкін. Ол аяқ астынан немесе бас сүйек-ми жарақаты нәтижесінде пайда болады. Инсульттің осы түрінің себепшісі шамадан тыс физикалық жүктеме болуы мүмкін, мысалы, ауыр затты көтеру, қан қысымының көтерілуімен байланысты жүйкеге күш түсу. Субарахноидалды қан құйылудың аневризма және оның қасындағы құрылымдардың (көз қарашығының ұлғаюы – көзді қозғап тұратын нервті аневризманың басып тұруы) қысымымен шақырылатын симптомдары болады. Симптомдар инсультқа дейін 2-3 аптада білінеді. Геморрагиялық инсульт диагностикасы. Егер қалыпсыз жағдайды дер кезінде байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз. Ол люмбальді функция немесе компьютерлік томография көмегімен Сізге диагноз қояды. Осы шара аневризманың орналасқан жерін уақытында анықтауға және оны жоюға мүмкіндік береді. Диагностика жасау үшін кейде магнитті-резонансты томографияға және компьютерлік томографияға жүгінеді, сол арқылы гематоманың орналасқан жерін анықтауға болады.

Инсульт симптомдарын екі категорияға бөлуге болады: жалпы ми және ошақты.
1. Жалпы ми симптомдары

  • жүрек айну немесе құсумен көрінетін қатты бас ауруы;
  • ұйқышылдық, кейбірулер үшін кері әсер тән – қатты қозу;
  • есін жоғалту және бұзылу;
  • бас айналу;
  • кеңістікте немесе уақытқа бағдарын жоғалту;
  • жүрек қағысы;
  • тершеңдік және ыстықты сезіну.

2. Ошақты симптомдар
Симптомдар мидағы қалыпты қанайналымының қай бөлікте бұзылғанына байланысты болады. Мидың әрбір бөлігі белгілі бір қызметке жауап береді, демек, мидың әртүрлі бөлігіндегі қанайналысының бұзылуы әртүрлі симптомдар – тепе-теңдік, көз көру, сөйлеу арқылы көрінеді. Қозғалыстың үйлесімін жоғалту бастың айналуымен және құсумен көрінеді. Ең қауіптісі ишемиялық инсульт болып табылады, себебі оның бастапқы кезеңінде анық симптомдары байқалмайды. Ол тіпті байқалмауы да мүмкін, мысалы, бас ауруы, бас айналу, құсу түрінде бірде көрініп, бірде көрінбеуі мүмкін. Геморрагиялық инсульттың айқын симптомдары бар және бастапқы кезеңінде-ақ қатты бас ауруы, есінен тану, құсу арқылы өзін білдіреді. Ми қанайналымының өткінші бұзылуы деп аталатын түрі де бар, оны микроинсульт деп те атайды. Ол адам денсаулығының бірден өзгеруімен сипатталады – сөйлеуі, жүріп-тұруы бұзылып, жартылай немесе толық соқырлық байқалады. Микроинсульт адам денсаулығының уақытша бұзылуымен сипатталады, белгілі бір уақытта (бірнеше минут не сағат) оны қалпына келтіруге болады. Алайда адамның өзін-өзі қалыпты сезінуі ұзаққа бармайды, сондықтан мұндай жағдайда ауруханаға жатып емделу міндетті, себебі осындай патологиялық жағдай нағыз инсульттің алғашқы хабаршысы болып табылады.

Патология себептері
Жоғарыда негізгі себептер аталды, алайда келесі қауіп-қатер факторларына ерекше тоқталғым келеді. Темекі шегу. Никотин салдарынан тамырлардың түйілуі пайда болады, оларда жүректің ишемиялық ауруының негізгі себепкері болып табылатын атеросклеротикалық түйіндер пайда болады. Темекі шегуден бас тарту инсульттің пайда болуын екі есе төмендетуге мүмкіндік береді. Жүрек қағысының бұзылуы жүрек бөлімдерінде қанның тоқтап қалуы тамырлардың бітелуіне қатысатын қанның ұюына әкеледі. Артериаялық гипертензия тамырлардың жарылу мүмкіндігін арттырады. Қант диабеті липидтік алмасудың бұзылуымен (холестерин түйіндерінің пайда болуы) және артериялық қысымның көтерілуімен көрінеді. Сонымен қатар қатер факторына артық салмақты, ішімдік ішуді, жүрек ауруы мен жас мөлшерін де жатқызуға болады. Осы факторлардың болуы ми қанайналымы бұзылуының мүмкіндігін арттырады, сондықтан өз ағзаңыздың жағдайын бақылап отыру өте маңызды, ол өмірге қауіп төндіретін патолоиядан қашуға мүмкіндік береді.

Инсульт кезіндегі алғашқы көмек
Зардап шеккен адамды таза ауа кіретіндей бөлмедегі төсекке жатқызыңыз, дем алу үшін тынысын тарылтатын киімдерін шешіңіз. Егер науқас құсқан болса, аузындағы құсықты тазалаңыз. Алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды, себебі инсульттің жүруі мен салдары дәл соған байланысты болады. Науқасты тасымалдау тек жатқызған күйінде жасалады. Инсульттан кейінгі ауруды емдеу. Инсультті емдеу инсульттің қайталанбауының алдын алуға, сонымен қатар ми қанайналымын қалпына келтіруге бағытталған және кешенді емдеуден тұрады: тамырлық терапия (бас миының зат алмасуын жақсартатын дәрілерді қабылдау, оттегі терапиясы және міндетті реабилитация (емдік дене шынықтыру, массаж және физиоем). Геморрагиялық бұзылу кезінде мишық немесе мидың жоғары жартышарындағы қан құйылу оқиғасы хирургиялық емге жатады.

Инсульт профилактикасы
Инсульттің алғашқы және екінші реттік профилактикасы бар. Алғашқы профилактика мидағы қанайналымына жауап беретін тамырлар патологиясын, гипертония ауруын, артық дене салмағын жоюға бағытталған. Екінші реттік профилактика инсульттің қайталануына жол бермеуге бағытталған, оған түйіндерді жоюға және алдын алуға бағытталған дәрі-дәрмектің немесе хирургиялық араласудың көмегімен қол жеткізуге болады. Инсультті емдегенге қарағанда оның алдын алған тиімді болатынын есте сақтаңыз. Жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысына тұрақты түрде диагностика жасатып тұрыңыз, сонда осы бір қауіпті ауру Сізге ешқашан жоламайды.

Источник